АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялауға ниетті
Бойкот жарияланса АҚШ билігі Пекиндегі Олимпиадаға қатыспайды
АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялауға ниетті. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.
Басылымның мәліметінше, техникалық шешім әлі толық қабылданған жоқ, бірақ американдық көшбасшыға тиісті ұсыныстар берілді. Әкімшіліктің дереккөздері шешім айдың соңына дейін қабылдайтынын айтты. Бойкот жарияланған жағдайда Президент пен Вашингтонның басқа шенеуніктері Қытай астанасындағы Олимпиада ойындарына қатыспайды.
Басылым бойкот АҚШ спортшыларына зиян келтірместен Қытай үкіметі тарапынан адам құқықтарының бұзылуына жол бергеніне жауап беру үшін жоспарланғанын жазады. Бұл шара Байденнің 16 қарашада өткен Қытай көшбасшысы Си Цзиньпинмен онлайн кездесуіне байланысты емес екендігі атап өтілді.
Мамыр айында АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси халықаралық қауымдастықты Қытайдағы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауға шақырған болатын. Оның пікірінше, дипломатиялық бойкот аясында әлемнің жетекші елдерінің басшылары ҚХР-дағы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартуы керек.