$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2021, 16:21
Саясат

Әлемдегі босқындар саны 84 миллионға жетті

Бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы артуы мүмкін

Әлемдегі босқындар саны 84 миллионға жетті
Фото ашық дереккөзден

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы  әлемдегі босқындар санының 84 миллионға жеткенін хабарлады. Олардың болжамынша, бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы да өсуі мүмкін, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

БҰҰ сайтында жарияланған деректерге жүгінсек, 2020 жылдың аяғынан 2021 жылдың маусымына дейін дүниежүзі бойынша босқындардың саны 82,4 миллионнан 84 миллионға дейін өскен. Босқындардың дені Конго мен Эфиопиядан келген. Бұлардың қатарына Мьянма мен Ауғанстандағы азаматтарды қосуға болады.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Грандидың айтуынша, босқындар санының өсуіне елдегі тұрақсыздық әсер еткен.

«Халықаралық қоғамдастық адамдарды үйлерін тастап кетуге мәжбүр ететін зорлық-зомбылық, қудалау және адам құқықтарының бұзылуына тосқауыл қоя алмады», – дейді Филиппо Гранди.

Жалпы, соңғы бір жылда босқындардың басым бөлігі бес елден келген. Олар: Орталық Африка Республикасы – 71,8 мың, Оңтүстік Судан – 61,7 мың, Сирия – 38,8 мың, Ауғанстан – 25,2 мың және Нигерия – 20,3 мың.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҰҰ #босқын