$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2021, 11:31
Саясат

Ресей тәліптерді террористер тізімінен шығаруы мүмкін

Алайда бұл қадамды алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жасауы керек

Ресей тәліптерді террористер тізімінен шығаруы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Ауғанстан СІМ-нің уақытша Үкіметтегі баспасөз хатшысы Абдул Кахар Балхи биліктегі қозғалыстың халықаралық қауымдастықпен жақсы қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстандағы билікті басып алған Талибан Ресей президенті Владимир Путиннің «Талибан» радикалды қозғалысын (Ресей Федерациясында тыйым салынған) террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкіндігі туралы пікірін құптайды.

«Ауғанстан Ислам әмірлігінің Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің ИЭА басшыларының есімдерін қара тізімнен алып тастау туралы айтқан сөздерін қолдайды. Соғыс аяқталғандықтан, әлем елдері Ауғанстанға оң көзқарас танытуы керек. Біз өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық қауымдастықпен жақсы қарым-қатынасқа ұмтыламыз», - деп жазды Талибан қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілі Twitter-дегі парақшасында.

21 қазанда Валдай халықаралық клубының отырысында сөз сөйлеген Владимир Путин «Ресей «Талибанды» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымдар тізімінен шығаруы мүмкін» дегенді айтты. Алайда бұл қадамды алдымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жасау керектігі ескерілді.

Серіктес жаңалықтары