$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 17:24
Саясат

Той жасауға тыйым салынды: СҚО «қою қызыл аймаққа» өтуі мүмкін

Қазан айының 15-22 аралығында мониторингтік топтар 120 рейдтік шара өткізген

Той жасауға тыйым салынды: СҚО «қою қызыл аймаққа» өтуі мүмкін
Фото: sn.kz

Солүстік Қазақстан облысында той жасауға тыйым салынды. Облыста соңғы аптада эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағаны байқалады. Аталған мерзімде 2 мың адамнан коронавирустық инфекция анықталып, жағымсыз статистиканың өсім көрсеткіші 1,7 есе көбейген. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес, Қызылжар өңірі вирус таралу қарқыны бойынша бірінші орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мамандар эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын карантиндік талаптардың сақталмауымен байланыстырды. Қазан айының 15-22 аралығында мониторингтік топтар 120 рейдтік шара өткізген. 15 кәсіпкерлік нысан басшысы 1 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді.

«Вакцинация қарқынының әлсіреуі, тұрғындардың сақтық шараларын ұстануының төмендеуі, әсіресе салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде жұқпаның тез таралуына әкелді. Егер апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 200-ден асса, онда біз «қою қызыл» аймаққа көшеміз және барлық кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға тура келеді. Мен барлығын қарапайым ережелерді сақтауға шақырамын: жаппай іс-шараларға қатыспау және ұйымдастырмау, масканы дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, әлеуметтік байланыстар санын және жаппай жиналатын орындарға бару санын азайту, және әрине вакцина алуға шақырамын», - дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Сонымен қатар «Ashyq» жобасының талаптарын сақтау деңгейі де тексерілді. 93 хаттама толтырылып, 3 млн теңге айыппұл салынды. Өңірде екпе алу қарқыны төмен. Бірінші компонентпен 248 299 егілді, оның ішінде QazVac – 880, Hayat-Vax – 25 674, Спутник V – 193 236, CoronaVac – 7 895, Vero Cell – 13 589, қамту пайызы 66.9%. Ал екінші компонетті 230 928 адам қабылдады. Қамту көрсетшікі –  62.3%. Қазір туәлігіне орта есеппен небәрі 330 адам коронавирусқа қарсы вакцина алып жатыр.

Өңірлік комиссия карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде шешім қабылдады және 25 қазаннан бастап мынадай шектеулер енгізіледі:

  1. «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес жұмыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін сағат 22.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 00.00-ге дейін қысқартылады;
  2. демалыс күндері – 22.00 сағатқа дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына - 00.00 сағатқа дейін, қауіпсіз «жасыл» статусы болған жағдайда (вакцинация, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) қызметкерлер мен келушілерде.
  3. осы тармақта көзделген «жасыл» статустың болуына қойылатын талаптар және жұмыс режимінің шектеулері облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль автостанцияларына/автоөтпелерге, жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.
  4. «Ashyq» жобасына қатысатын, оның ішінде «жасыл» статусы бар әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемдеріне сәйкес тыйым салынады:
  • салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу;
  • адам көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және өзге де іс-шаралар;
  • көрмелер;
  • көрермендермен өткізілетін спорттық іс-шаралар, жабық үй-жайларда ұжымдық құлшылық ету;
  • келушілердің медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына тыйым салуды ұзарту;

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары