21.10.2021, 07:35
Саясат
Риддер қаласында 73 жастағы зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған
Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткінің жалпы салмағы 30 грамнан асады
Фото ашық дереккөзден
ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласы тұрғынының есірткі сақтағаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жедел уәкілдер ақпаратты тексеруге кіріскен. Тінту жүргізу барысында 73 жастағы зейнеткерге тиесілі дүкеннен кептірілген көкнәр сабағы табылды.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Көп оқылған
15.04.2026, 10:46
Қазақстанда алдағы күндері -18 градус болып, қар аралас жаңбыр жауады – ауа райы болжамы
15.04.2026, 15:40
«Башпайдың» иесі бес күнге қамалды: Өскемен тұрғындары тегін аяқ киім үшін бір-бірін таптап кеткен (ВИДЕО)
15.04.2026, 13:41
Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні: үш ай ішінде Қазақстанда неше адам «махаббатқа сенгені» белгілі болды
Редактордың таңдауы
15.04.2026, 14:56
Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растады – Ақорда