Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Ол 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген

Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Еркінбаев Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2002 жылы жеке компанияда заңгер болып бастаған.

Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

2009-2013 жж. — «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры.

2013-2016 жж. — «Медеу» спорт кешенінің бас директоры.

2016-2019 жж. — Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.