$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.10.2021, 01:09
Саясат

Чехия президенті өкілеттілігінен айрылуы мүмкін

Ел басшысы денсаулығына байланысты өз міндеттерін әзірше орындай алмайды

Чехия президенті өкілеттілігінен айрылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Чехия Сенатының спикері Милош  Выстрчил ел президенті Земанның емдеуші дәрігеріне сілтеме жасай отырып, саясаткер денсаулығына байланысты алдағы апталарда жұмысқа оралу мүмкіндігі аз екенін айтты.

"Өкінішке орай, Конституцияның 66-бабын қашан және қалай қолданатынымызды шешуден басқа амал жоқ", - деді спикер.

Оның айтуынша, сейсенбі күні Сенат басшылығының өкілдері арезиденттің өкілеттіктерін уақытша беру тәртібін талқылау үшін парламенттік партиялардың төрағаларымен кездеседі. Сенат төрағасының орынбасары бұл Земанды қызметінен босату әрекеті емес екенін атап өтті.

Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш те Земанның денсаулығына алаңдаулы.  Ол келесі қадамдарды талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Чехия Конституциясының 66-бабына сәйкес, егер бұл ұсыныс депутаттар палатасы мен Сенаттың көпшілік дауысымен мақұлданса, Мемлекет басшысы өкілеттігінен айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Земан созылмалы ауруына байланысты 10 қазанда аурухананың жан сақтау бөліміне түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#президент #Чехия