Пандемиямен күресте ЕЭО елдері бірлескен жобалар әзірлеуі керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Жүзеге асқан бастамалардың бірі - Қарағанды қаласындағы зауытта ресейлік «Спутник V» вакцинасының жобасы

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн отырысында әлемдік пандемия кезінде интеграциялық ынтымақтастықтың арқасында тиімді жұмыстар атқарылғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тиімді жүзеге асқан бастамалардың бірі - Қарағанды қаласындағы зауытта ресейлік «Спутник V» вакцинасының жобасы.

«Біз пандемияны сәтті жеңу үшін күш біріктіруіміз керек. Ғылым және фармацевтика саласында бірлескен жобалар әзірлеу керекпіз. Қажет жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық режимдерді белгілеу саласында іс-қимылдарды үйлестіру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент одақтағы елдердің экономикасы тұрақталып келе жатқандығын сөз етті.

«ЕЭО деректері бойынша бірінші жартыжылдықта елдердің ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды құрады, ал жалпы ішкі өнім көлемі 900 млрд долларға жетті. Осыған қарамастан, сыртқы қауіптер мен белгісіздік факторлары әлі де жоғары», - деп атап өтті Президент.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан