$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2021, 10:39
Саясат

«QazVac» ҚМДБ-ның халал сертификатын алды

ҚМДБ өкілдері отандық вакцинаның жоғары сапасы мен қауіпсіздігін атап өтті

«QazVac» ҚМДБ-ның халал сертификатын алды
Фото: primeminister.kz

«QazVac» қазақстандық вакцинасы халалдың жалпы талаптарына сәйкестік сертификатын алды, деп хабарлады биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының сайты.

ҚМДБ төрағасының орынбасары наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров қазақстандық «QazVac» коронавирусқа қарсы вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті.

Вакцина дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын халал талаптары бойынша сертификатталған.

Бұдан бұрын ҚМДБ өкілдері «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында институтқа барып, «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық процесімен мұқият танысты.

Серіктес жаңалықтары