$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2021, 10:53
Саясат

Ресейде Мемлекеттік думаға өткен партиялар анықталды

Мемлекеттік думаға бес партия өтті

Ресейде Мемлекеттік думаға өткен партиялар анықталды
фото: mk.ru

Ресей Мемлекеттік думасына сайлау қорытындысы жарияланып, «Единая Россия» партиясы 49,82 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы ОСК хаттамалардың 100 пайызын өңдегеннен кейін белгілі болды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.

«Единая Россия» Мемлекеттік думадағы сайлауда 49,82 пайызбен көшбасшылықты сақтаса, екінші  орында коммунистік партия - 18,93%, ал үшінші орында ЛДПР - 7,55%. Үздік бестікке «Справедливая Россия — за правду» (7,46 пайызбен) және «Новые люди» (5,32 пайыз) партиялары енді.

Осылайша, бес партия федералды округ бойынша Мемлекеттік думаға өтіп, бес пайыздық сайлау межесінен өтті.

Сонымен қатар, бір мандатты округтер бойынша парламенттің төменгі палатасына саяси қозғалыстың сегіз өкілі өтеді.

ОСК мәліметі бойынша, парламенттің төменгі палатасына бір мандатты округтер бойынша өзін-өзі ұсынған бес адам кіреді. Олардың үшеуі Мәскеуде: бұл «Лиза Алерт» іздестіру-құтқару жасағының үйлестірушісі Олег Леонов, тележүргізуші Анатолий Вассерман, актер Дмитрий Певцов. Адыгея Республикасындағы бір мандатты округ бойынша Владислав Резник Мемлекеттік думаға, Қырымдағы бір мандатты округ бойынша Леонид Бабашов өтеді.

Ресейде Дума мен жергілікті сайлауда дауыс беру 17-19 қыркүйек аралығында өтті. Дауыс беруге қатысушылар 51 пайыздан асты.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ресей #сайлау