Жазбаның дереккөзі - сатиралық аккаунт
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның еліміз ҚХР құрамына кірген жағдайда, оның сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екендігі жайлы мәлімдегені туралы хабарлама таратылуда.
Stopfake порталының хабарлауынша, бұл жалған ақпарат. Жазбаның дереккөзі - Instagram желісіндегі qazinform24 аккаунты.
«Бұл салмақты жаңалық жарияламайтын сатиралық парақша. Бұл парақшада сатиралық контент пен фейк жаңалықтар жарияланады делінген. Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ. Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған», - делінген.