Министрлер кабинеті премьер-министр тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады
Армения президенті Армен Саркисян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Президенттің жарлығы конституциялық талапқа негізделген, оған сәйкес республика үкіметінің басшысы болып парламенттік көпшілік ұсынған кандидат тағайындалады.
«Конституция ережелерін басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын», - делінген президент жарлығында.
Еске салайық, 20 маусымда Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы кезектен тыс парламенттік сайлауда жеңіске жетті.