ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Алматы облысында бұрынғы тракторист ауыл әкімі болып сайланды

Сайлаушылардвң 100% оған дауыс берген

Алматы облысында бұрынғы тракторист ауыл әкімі болып сайланды. Алакөл ауданы Жағатал ауылдық округінің тұрғыны Қайрат Тұрлыбеков 25 шілдеде өткен ауыл әкімдерін сайлауда жеңіске жетті. Жерлесіне сенім артқан ауыл халқы түгелдей Тұрлыбековке дауыс берген.

Қайрат Жағатал ауылында туып-өскен. Алайда, 2017 жылы ол Ақтүбек ауылдық округінің әкімі боп тағайындалған еді. Еңбек жолын тракторист ретінде бастаған.

«Біз дұрыс таңдау жасадық. Қайрат Тұрлыбековты жақсы білеміз. Ақтүбек ауылы үшін көп жұмыс жасады. Ол көшелерді асфальттады, шығармашылық клубтар салды, заманауи жаяу жүргіншілер өткелдері бар бағдаршамдар орнатты» - деді Жағатал ауылдық округінің тұрғыны Серға Сатыбалдинова.

1968 жылы туған Қайрат Берікбайұлы еңбек жолын  «Сарықұм» кеңшарында тракторист болып бастап, әскерден келген соң шопанның көмекшісі болған.1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы, Алматы облысында 71 округте сайлау өтті. Сайлауды жарамсыз деп тануға немесе қайта сайлау өткізуге негіз жоқ деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Сайлауда 83 кандидат саяси партиялардың атынан ұсынылған. Оның ішінде: «Nur Otan» партиясы – 57, «Ауыл» ХДПП – 5, «Ақ Жол» ҚДП – 1, «АDAL» - 11, НПК – 8, ОСДП – 1. Ал, 153 кандидат өзін-өзі ұсынып, саяси додаға түскен.

«Сайлауды жарамсыз деп тануға немесе қайта сайлау өткізуге еш негіз жоқ. Сайлау бюллетеньдеріне 235 кандидат енгізілді. Ақсу ауданының Жансүгіров, Қаракөз, Ойтоған, Молалы ауылдық округтерінде, Алакөл ауданының Теректі, Кеген ауданының Бөлексаз, Кербұлақ ауданының Басши, Панфилов ауданының Үлкен ауылдық округінде кандидаттар тек өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысты. Талғар ауданының Бесқайнар ауылдық округінен облыс бойынша ең көп кандидат шықты», - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.