$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2021, 12:16
Саясат

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Бұл лауазымды қызметті енді Асайын Байханов атқарады

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Павлодар жұртшылығына жаңа әкімді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Соңғы бір жарым жылда Асайын Байханов Ә.Сқақовтың орынбасары болған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодардың жаңа әкімінің кандидатурасы ҚР Президенті әкімшілігімен келісіліп, қала мәслихаты депутаттарымен мақұлданды. Әбілқайыр Сқақов қаланың жаңа басшысының қызметіндегі басымдықтарды айқындап берді. Ол бюджетті жоспарлау мен мемлекеттік сатып алудағы жоспарлаудың қателіктері салдарынан қала әкімдігінде шіркейлерге қарсы күреске арналған конкурс дер кезінде өткізілмей, жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу мерзімдері ығысқан. Аймақ басшысы мердігерлік жұмыстың сапасы да сұрақтар туғызатынын айтып, оны қатаң қадағалауды тапсырды.

«Қала әкімдігі қаланың мәселелері жөнінде білетін және оларды жедел, ұтқыр, тиімді шешетін орын болуы тиіс. Ал іс жүзінде уақытты өткізіп алып, мәселені шешу үшін өзіме, орынбасарларыма немесе облыстық басқарма басшыларына араласуға тура келеді. Облыстық әкімдік қалалық әкімдікті алмастыра алмайды. Бұл мәселелерді өзіңіздің жеке, үздіксіз қадағалауыңызға алуыңызды тапсырамын. Проблемаларды дер кезінде анықтап, оларды шешуге белсенді әрекет ету, мердігерлер жұмысын үздіксіз қадағалап, мемлекеттік сатып алуды тиімді жоспарлау қажет. Сонымен қатар, жылу беру маусымының мәселелері де басымдықтар қатарында болуы тиіс», - деді облыс әкімі.

Асайын Байханов 1978 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. 2000 жылы ол Павлодар университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдап, 2005 – 2006 жылдары ProCredit Holding AG и European Bank for Reconstruction and Development (EBRD) халықаралық банк холдингінің біліктілікті арттыру корпоративтік орталығында оқыды. 2017 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірді (іскерлік әкімшілік магистрі, «Стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік»).

Серіктес жаңалықтары