ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Ертең Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездеседі

Кездесуде қандай мәселелер талқыланатыны айтылды

көрнекі фото: ТАСС

Ертең Мәскеу қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин кездеседі. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«30 маусымда Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда», - деп жазды Айдос Үкібай.

2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарт күшіне енді. ЕАЭО туралы шартқа Беларусь, Қазақстан мен Ресей президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойды. 2014 жылдың 10 қазанында аталған үш мемлекеттен бөлек Одаққа қосылу туралы шартқа қол қойған Армения және 2014 жылдың 23 желтоқсанында ұқсас Шартқа қол қойған Қырғызстан Одақ мүше болды.

Еуразиялық экономикалық одақ - халықаралық құқық субъектілігіне ие, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың халықаралық ұйым.