Бүгінгі ауыс-түйіс туралы саясаттанушы Расул Жұмалының пікірі
Саясаттанушы «зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды» деген ресми уәжді мүлдем түсінбейтінін айтады. Себебі, билік зейнет жасына жеткен «ескі гвардия» өкілдеріне келгенде әртүрлі тәсіл қолданып, алалайды.
«Кейбіріне 63 жасқа толса да үлкен қызметте қала беруге рұқсат етеді. Ал, кейбіріне ондай мүмкіндік бермейді», - дейді саясаттанушы.
Иманғали Тасмағамбетовтің саяси карьерасы аяқталды деуге бола ма? Дархан Қалетаев қай жерден мүлт кетті? Мәулен Әшімбаев ішкі идеологияға серпін бере ала ма? Есілдің сол жағалауындағы ауыс-түйістен не күтеміз?
Бұл сұрақтардың жауабын «Azat Podkast» жобасының алғашқы шығарылымында сұхбат берген саясаткер Расул Жұмалыдан біліп көрдік.