Ноғаев Атырау облысының әкімі қызметінен кетеді - БАҚ

Автор: Azattyq Rýhy

Бейресми дереккөздерге сенсек, Нұрлан Ноғаев ҚР Энергетика министрі қызметіне тағайындалуы мүмкін 

Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысына Астанадан тосын жаңалық келді – аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өз қызметінен кетіп жатыр, деп жазады АқЖайық.

«АқЖайық» порталы хабарлағандай, бүгін түстен кейін мұнайлы астанаға жаңа әкімді таныстыру үшін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин келеді деп күтілуде. Нұрлан Ноғаевқа ҚР Энергетика министрінің креслосы ұсынылады-мыс.

Ноғаев 2016 жылғы 26 наурызда Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысын басқарған.