ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Египетте көз жұмған дипломаттың әйеліне жазған соңғы хаты жария болды

Еламан Жолдасов Қазақстанда маралдың мүйізімен байланысты кәсіп ашпақ болған инвесторлармен келіссөзге кеткен соң оралмаған

Azattyq Rýhy тілшісіне сұқбат берген Еламан Жолдасовтың жары күйеуінің инвесторлармен кездесуге кеткенін растады. 

«Жергілікті журналистердің бірі арқылы инвесторлармен танысқан. Солармен кездесуге барамын деді. Олар Қазақстанға инвестиция саламыз деп жүрген адамдар екенін айтыпты. Онда келісім шартқа қол қою емес, бастапқы детальдарын талқылаймыз деген. Маралдың мүйізімен байланысты бизнес ашамыз деп жүрген бизнесмендер екенін айтатын. Осылар біраз болды маған жабысып алды деп қалжыңдағаны есімде. Ол елшілікте туризмге инвестиция тартатын бөлімде жұмыс істеді. Сағат 6-ларда кеш батады, сосын хабарласа бастадым. Бірақ телефоны сөндірулі болды», - дейді Айнұр Молдабаева.

Оның айтуынша, Еламан Жолдасовпен бірге Каир университетінде экономика және саясаттану факультетінде оқыған. Бітірген соң отбасын құрған. Алда көптеген жоспарлары болған, әйелі жүкті болғандықтан, өмірге келетін баланы да асыға күтіп жүріпті. Сондықтан оның өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді жары.

«Таңға жуық есікті ашсам, үйдің кіре берісінде жатыр екен. Барсам қолдарын байлап тастапты. Өлі-тірісі белгісіз. Сосын Қазақстаннан екі адам келді. Олар тергеді. Осы жақтағы елші Арман да келіп, көмектесеміз деді. Мен нақты кім өлтіргенін айта алмаймын. Бірақ бәрі де мүмкін. Қазір оның мүрдесі жергілікті прокуратураның мәйітханасында»,- дейді жары.

Айнұр Молдабаева жолдасымен WhatsApp арқылы соңғы рет алмасқан хатын көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасов Каирде жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Cыртқы істер министрлігі аталған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

Бұдан бұрын марқұмның досы да эксклюзивті ақпаратпен бөлісті. Ал құқық қорғау органдарының өкілі Каирде көз жұмған елшінің өліміне қатысты түрлі версия қарастыру керегін айтады.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы