Иманғали Тасмағамбетов елші қызметінен кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті жарлыққа Президент қол қойды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды,- деп хабарлайды Ақорда.

Еске салайық Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінен кететіні туралы  9 желтоқсанда Ербол Еділов өз телегарм каналында жазған болатын.  Ол Ресейге елші болып 2017 жылдың ақпан айында кеткен. Әр жылдары Премьер-министр, Премьер-Министрдің орынбасары, Қорғаныс министрі, Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысының әкімі, Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарған.