Бүгін Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің саммиті өтеді
Ел билігі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті
Бүгін Женевада АҚШ пен Ресей президенттерінің саммиті өтеді. Джо Байден мен Владимир Путин екіжақты қатынастардың жағдайы мен болашағы, стратегиялық тұрақтылық мәселесі мен күн тәртібінде тұрған өзге де өзекті сауалдарды талқылайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Әлем көз тіккен шарадан ақпарат тарату үшін 44 елдің 1200-ден аса тілшісі Швейцария Сыртқы істер министрлігінде аккредитациядан өтті. Арасында арнамыздың Еуропадағы тілшісі Жанат Эрнст та бар. Ел билігі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті. Әскери-әуе күштері Женеваның әуе кеңістігін күзетіп жүр. Бүгіннен бастап ертеңгі кешкі беске дейін саммит өтетін ауданда аспан жабық болады. Ал жердегі қауіпсіздікті бір мыңнан аса тәртіп сақшысы қадағалайды. Қала әкімшілігі тұрғындарды саммитке байланысты туындайтын қиындықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.