$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2021, 20:49
Саясат

Тоқаев адам құқықтарына қатысты маңызды құжатқа қол қойды

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Тоқаев адам құқықтарына қатысты маңызды құжатқа қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:

- БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

- адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

- мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

- әйелдерге қатысты кемсітуді жою;

- бірлесу бостандығына құқық;

- пікір білдіру бостандығына құқық;

- адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

- адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;

2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған Жарлық мәтінінде.

Серіктес жаңалықтары