ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

«Процестен қуылады»: Жанболат Мамайға сот отырысының тәртібін бұзуға әрекет еткені үшін ескерту жасалды

Ол судья мен заңгердің сөзін бөліп, негізгі тақырыптан ауытқып кеткен

Алматының Әуезов аудандық №2 сотында өтіп жатқан отырыста жауап беруші Жанболат Мамай судьяның және арызданушы тарап заңгерінің сөзін қайта-қайта бөле бергені үшін сот төрағасынан бірнеше рет ескерту алды. Сондай-ақ, сотқа құрмет көрсетпегені үшін процестен қуылатынын да ескертті.

Судья Райхан Сартаева Жанболат Мамайдан тек осы іске қатысты деректерді айтуды, әңгімені өзге тақырыпқа бұрмауды талап етті.

«Олай болмаған жағдайда жауап беруші тарапты сотты құрметтемегені үшін және талапты орындамағаны үшін микрофонын өшіретінімізді, тіпті процестен қуылатынын ескертемін», - деді судья Р.Сартаева.

Еске салайық, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің талап арызы бойынша белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай азаматтық сотта жауап беріп жатыр. Ерлі зайыптылар биыл сәуір айында Байбекті айыптайтын бірнеше видео әзірлеп, оны әлеуметтік желілерде жариялаған.