ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Дональд Трамп Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

Фото: Getty Images

Құттықтағандардың арасында АҚШ президенті Дональд Трамп та бар. Ол жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтаған. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

«Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті», – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті ретінде Тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып, жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдірген.

«Америка Құрама Штаттары Сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын әрі табысты болады деп сенемін», – делінген АҚШ президентінің құттықтауында