ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Тоқаев әкімдер сайлауы туралы заңға қол қойды

20 мамырда Сенат сайлау заңнамасына түзетулер пакетін мақұлдады

көрнекі фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды.

20 мамырда Сенат сайлау заңнамасына түзетулер пакетін мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округтер кенттері әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу мәселелері бойынша заң жобалары әзірленгенін хабарлады.

«Мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы біліктілік талабына сәйкес келетін 25 жастан кіші емес ҚР азаматы әкім болып сайлана алады. Сайлауға саяси партиялар ұсынған кандидаттар мен дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1%-інің қолын жинаған өзін-өзі ұсынушылар қатыса алады», - деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша, сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуға 10 күн қалғанда өткізіледі. Сайлау қорытындылары сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде шығарылады.

Әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай сайлау жергілікті бюджет есебінен өткізіледі.

Сонымен қатар, заң жобасында Мәжіліс мен мәслихат сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін 7%-тен 5%-ке дейін төмендету көзделген және барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне «барлығына қарсы» деген баған қосылады.

«Бұл реформалар әкімдерді тікелей халықпен сайлауға, ауыл әкімінің халықтың проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді», - деді министр.