Жастар Тоқаевпен селфи жасауға «таласты»
Нұр-Сұлтан қаласында өткен жастар форумының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен селфиге түскісі келгендер кезекке тұрды
Форум соңында Президент 2019 жыл – жастар жылында Қазақстанның дамуына, жастарға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруға үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Марапаттаудан кейін протоколға сәйкес, жастар президентпен естелік суретке түсті.
Тоқаев жастардың ортасына қарай бет алғанда, жастар түгелдей дерлік телефондарын ұстап, «президентпен селфи» жасауға асықты. Тоқаев та, оның оққағарлары да кедергі жасаған жоқ.
Azattyq Rýhy фототілшісі жастардың президентпен селфиге түскен сәтінен бірнеше кадр жасап үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін жастар жылы ресми түрде аяқталып, соған орай елордада 500 жастың қатысуымен форум өтті. Бірақ, Президент атап өткендей, жастарды қолдау биылмен шектелмейді.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан