Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі ауысты

Ержан Қазыханов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі ауысты
фото: Ержан Қазыханов, Ержан Ашықбаев, Ақан Рахметуллин

Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымы құрылып, бұл қызметке Ержан Хозеұлы Қазыханов тағайындалды. Ол ҚР-ның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Жаңа лауазым иесінің міндетіне ҚР Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыру, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және ҚР Президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету кіреді.

Сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев тағайындалды. Ол ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.