$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2021, 12:53
Саясат

Президент әкімшілігінде жаңа лауазым пайда болуы мүмкін

Арнайы өкілдің қызметін қамтамасыз ету мен қаржыландыруды ҚР Президентінің әкімшілігі жүзеге асырады

Президент әкімшілігінде жаңа лауазым пайда болуы мүмкін
көрнекі сурет

ҚР Сыртқы істер министрлігі «Ашық НҚА» сайтында ҚР Президентiнiң Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкiлi туралы қаулысын жариялады.

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкiл мемлекеттiк саяси қызметшi болып табылады.

Арнайы өкiлдi ҚР Президентi әкiмшiлiгi басшысының ұсынуымен ҚР Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Арнайы өкiл ҚР Президентiне есеп бередi.

Арнайы өкiл өз қызметiнде Конституцияны, ҚР заңдарын, ҚР Президентiнiң актiлерiн, ҚР өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, ҚР халықаралық шарттарын басшылыққа алады.

Арнайы өкiлдiң негiзгi мiндеттерi:

  • 1) саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою;
  • 2) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және ҚР Президентiнің бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету.
  • Арнайы өкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚР Үкіметімен және басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен ҚР сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
  • Арнайы өкiл заңнамада бекітілген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • 1) ҚР Президентiне сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ҚР Президентiнiң халықаралық бастамаларын iске асыру жөнінде ҚР Президентiне ұсыныстар енгізеді;
  • 2) өзінің құзыреті шегінде шет елдер мен халықаралық ұйымдардың саяси және қоғам қайраткерлерімен, шет елдердің іскер топтарының өкілдерімен келіссөздер ұйымдастырады және өткізеді, сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және басқа да салаларда басым жобаларды ілгерілетуге қатысады;
  • 3) ҚР сыртқы саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындауға және оны кейіннен іске асыруға қатысады;
  • 4) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жодауының ҚР сыртқы саясаты бөлігін дайындауға қатысады;
  • 5) әлемдік дамудың үдерістеріне, сондай-ақ халықаралық қатынастардың өзекті мәселелеріне мониторингті, талдауды және болжамдауды жүзеге асырады және ҚР Президентiне оның сыртқы саяси өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • 6) Президент әкiмшiлiгi басшысы орынбасарының үйлестіруімен ҚР Президентiнiң шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды адамадарымен, шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
  • 7) саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланысты жолға қояды;
  • 8) ҚР Президентiнiң шет елдік сапарларының және шет мемлекеттер басшылары сапарларының, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен компаниялардың басшыларымен кездесулердің мазмұнды бөлігін дайындауға жәрдемдседі;
  • 9) шетелдік инвестицияларды, озық тәжірибе мен технологияларды тартуға, әлемдік нарықта отандық өнімдердің экспортын ілгерілетуге жәрдемдеседі;
  • 10) ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және ҚР Президентiнің бастамаларын ілгерілету мақсатында халықаралық сарапшылардың пулын қалыптастырды және өзара іс-қимыл жасайды;
  • 11) ҚР Президентiнің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларын шет елде танымал етеді және түсіндіреді, қажет болған жағдайда ҚР Президенті жанындағы кеңесші және консультативтік органдардың жұмысына қатысады;
  • 12) Президенттің шешімі бойынша сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі өзекті бағыттары жөнінде арнайы миссияларды жүзеге асырады;
  • 13) Президент әкiмшiлiгi басшысы орынбасарының үйлестіруімен ҚР Президентiнің заң шығару бастамасы тәртібінде ҚР Парламентіне енгізу үшін сыртқы саясат саласындағы заң жобаларын дайындауға қатысады;
  • 14) ҚР Президентiнің тапсырмаларын орындайды.

Арнайы өкiлдiң құқықтары:

Арнайы өкiл негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіпте:

  • 1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды адамдардан қажеттi ақпараттарды, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
  • 2) мемлекеттiк, оның iшiнде үкiметтiк байланыс пен коммуникация жүйесiн пайдалануға;
  • 3) өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алысуға;
  • 4) ҚР заңнамасында көзделген жайғдайларда ҚР екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарын жасасу мәселесі бойынша шет елдік әріптестермен келіссөздерге және/немесе консультацияларға қатысуға, қажет болған жағдайда делегацияны басқаруға;
  • 5) Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерінің қатысумен кеңес өткізуге, сондай-ақ өзге де іс-шараларға қатысуға;
  • 6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қоюға;
  • 7) ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша шет елдердің өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға:
  • 8) ҚР заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Арнайы өкіл алға қойған мiндеттердiң орындалуына жауапты болады, еңбектi ұйымдастыру мен тиiстi еңбек тәртiбiн қамтамасыз етедi.

Арнайы өкілдің қызметін 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұратын ҚР Президенті әкімшілігінің секторы қамтамасыз етеді.

Арнайы өкілдің қызметін қамтамасыз ету мен қаржыландыруды ҚР Президентінің әкімшілігі жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары