$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.03.2021, 12:22
Саясат

Теміртауда кафеде төбелес шығарғандар 19 және 20 жылға сотталды

Қорғаушылар мен қоғам белсенділері мұны тым ауыр жаза деп отыр

Теміртауда кафеде төбелес шығарғандар 19 және 20 жылға сотталды

Теміртаудағы дәмханалардыкң бірінде төбелес шығарған жергілікті екі тұрғын сотталды деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі. Олар екі адамды жаралап, дәмхана иесіне материалдық шығын келтірген.

Оқиға былтыр 22 маусымда болған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, айыпты екеу кафе жұмысшыларының маска тағу туралы ескертуіне балағат сөздермен жауап қайтарған. Ерегістің соңы төбелеске ұласқанда, жұмысшыларды қорғауға тағы екі клиент келген. Сотталған екеу оларды далаға шығарып, ауыр дене жарақаттарын салған. Төбелес бейнебақылау камераларына жазылып, материалдар тергеу барысында қолданылды.

Полицейлер күдікті екеуді дереу ұстағанын айтқан болатын. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, ұзақ уақыт тергеу жұмыстары жүргізілді.

Жуырда осы іс бойынша сот болып, айыпты екеу ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпты деп танылды. Атап айтқанда, 293-баптың 2-тармағы «бірнеше адам болып жасалған бұзақылық», 99-баптың 2-тармағы «кісі өлтіруге оқталу» және 174-баптың 2-тармағы «ұлтаралық араздықты қоздыру».

Судья сотталған екеудің бірін 19 жылға, екіншісін 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары