17.03.2021, 14:58
Саясат
Елбасы Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар ауыс-түйіс жасады
Русланбек Бекжігітов пен Ерлан Абдақасов қызметінен босатылды
ҚР Қауіпсіздік кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
- Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;
- Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов ҚР Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Олардың орнына:
- Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
- Данияр Нұрашұлы Есин ҚР Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Қауіпсіздік Кеңесі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді, сондай-ақ заң жобаларын талдайды және өз құзыреті шеңберінде нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды