ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Nur Otan партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Әрбір кеңес партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағытымен айналысады

Фото: ашық дереккөзден

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады. Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетеді деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын, сондай-ақ, облыстар, қалалар мен аудандарға арналған 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында партия жанында 14 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Әрбір кеңес партия сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағытымен айналысады.

Жұмыс істеп тұрғандары:

  • Партиялық бақылау комитеті
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
  • Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі
  • Құқықтық кеңес
  • Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес

Құрылады:

  • Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес
  • Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес
  • Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес
  • Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңес
  • Өңірлік даму жөніндегі кеңес
  • Азаматтық қоғам мен мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі кеңес
  • Жастарды қолдау жөніндегі кеңес
  • Экологиялық кеңес
  • Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес

Қоғамдық кеңестердің жаңа құрылымын, сондай-ақ тиісті басшылардың кандидатураларын партия Саяси кеңесінің Бюросы бекітеді. Орталық және өңірлік деңгейдегі кеңестердің құрамына партиялық тізімдерден 2 мыңға жуық резервші, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері тартылады деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, сайлауалды уәделерді орындау жөніндегі Республикалық Жол картасы Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен Мәжілістегі фракция отырысында талқыланған болатын. Өңірлерде сайлауалды бағдарламаларды орындау бойынша 216 жол картасы жария талқыланды және бекітілді.

Партияның Орталық аппараты жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асырады. Ал Үкімет пен әкімдер жанындағы республикалық және өңірлік штабтар тиісінше республикалық деңгейде – 1,7 мыңнан астам және өңірлік деңгейде – 81 мыңнан астам индикаторды орындауға алады. Биылдың өзінде индикаторлардың 24%-ін орындау жоспарланып отыр.