$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.02.2021, 14:36
Саясат

Хорватияда Қазақстанның 30 жылындағы жетістіктері талқыланды

Қазақстан елшілігінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған камералық концерт өтті

Хорватияда Қазақстанның 30 жылындағы жетістіктері талқыланды

Қазақстан елшілігінде «Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының салтанатты жиналысы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған классикалық музыканың камералық концерті өтті. Іс-шараға көрнекті саясаткерлер, Парламент депутаттары, Хорватия Конституциялық сотының мүшелері, сондай-ақ қоғам өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович іс-шараны ашып, Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Ол Қазақстанды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор тарихи үлесі үшін елшілікке Елбасына естелік сыйлық – атақты Хорват мүсіншісі Мате Турич жасаған «Парус» мүсінін табыс етіп, желмен толтырылған желкендер ежелден табысқа ұмтылудың, ерік-жігердің, сенім мен үміттің нышаны болып табылатынын атап өтті.

Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев тәуелсіздік жылдарындағы саяси реформалар эволюциясын баяндап, ел басшылығының қоғамдық жаңғырту мен әлеуметтік бағдарланған мемлекетке, парламентаризм мен көппартиялықты нығайтуға, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Бейбіт жиындар туралы жаңа заңды қабылдау, саяси партиялар үшін электоралдық кедергіні төмендету, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі және жалпы азаматтық қоғам институттарын нығайту сияқты шаралар атап өтілді.

Хорватияның экс-президенті Степан Месич Қазақстан басшылығының ауқымды реформаларды жүзеге асыруға және мемлекеттілік институттарын дамытуға, қазіргі заманғы экономика мен этносаралық келісім қоғамын құруға деген стратегиялық жүйелі көзқарасын жоғары бағалап, Қазақстан халқы Ассамблеясының толеранттылық пен өзара түсіністік қағидаттарын нығайтудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Елшіліктің музыкалық салонында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған камералық концерт өтті. Классикалық музыка виртуозы – Карнеги холлда және Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өнер көрсеткен танымал виолончелист Эльдар Сапараев Абай өлеңдеріне арналған шығармалармен және Қазақстан мен Хорватияның мемлекеттік әнұрандарын орындаумен шарықтау шегіне жеткен Иоганн Себастьян Бахтың классикалық сюиталарымен арнайы бағдарлама ұсынды.

Қатысушыларға Н. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітаптары мен бұрын хорват тілінде жарық көрген Абай мен Әл-Фарабидің шығармалар жинақтары сыйға тартылды.

Серіктес жаңалықтары