Өткір темір оның ауыз қуысын тіліп кеткен
Нұр-Сұлтан тұрғыны пышақтың сынығын жұтып қоя жаздады. Бұл туралы жараланған әйел Facebook-тегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жазды. Өткір зат кәдімгі нанның ішінен шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгін таңертең таңғы асқа нан мен май жедім. Бірақ аяқасты ауырсыну сездім, аузымнан бірден қан ақты... мен нанды баяу түкірдім, қарасам, онда пышақтың сынық жүзі бар... ауыз қуысымның төменгі жағын зақымдадым», - деп жазады автор.
Тұрғын аудандық кәсіпкерлік бөліміне жүгінген.
«Мен оларға тағы бір жаайтты айтқым келді, ал олар мені тыңдамай телефон тұтқасын қоя салды. Шамасы, асыққан шығар. Нан Қосшы кентінің «Алтын орда» шағын маркетінен сатып алынды. Сақ болыңыз. Ол менің балаларыма емес, маған тигеніне қуаныштымын», - деп жазды ол.