$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2021, 16:32
Саясат

Ауғанстан президенті Қазақстанға шақырылды

Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстанға үкіметтік делегация келеді 

Ауғанстан президенті Қазақстанға шақырылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ауғанстан көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Ауғанстан Президенті Қазақстанның ауған ішіндегі диалогты тұрақты түрде қолдап, еліміздің кең көлемде экономикалық көмек көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Ауғанстанға алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсете беретінін растады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын қайта қалпына келтіру жөніндегі халықаралық және аймақтық форумдардың жұмысына белсенді түрде қатысады», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанмен арадағы жан-жақты байланыстарды жандандыру мақсатында ерекше тапсырмалар бойынша елші дәрежесіндегі арнайы өкіл институты құрылғанын атап өтті.

Осы жылдың бірінші жартысында Қазақстанға үкіметтік делегация келеді. Президенттер осы кездесу барысында нақты мәселелер мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша диалогты одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаласты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниді үкіметтік делегациялар жасайтын келіссөздердің нәтижелерін бекіту және Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы өзара іс-қимылдың келешегін талқылау үшін елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары