ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Бішкекте бір күнде үш мэр ауысты

Садыр Жапаров оның себебін әлеуметтік желідегі парақшасында түсіндірді 

Фото: ашық дереккөзден

Бішкекте бір күнде үш мэр ауысты. Олардың бірі бар болғаны бір тәулік қана қызметте болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Балбақ Тулобаевтың орнына Эрмек Нұрғазиевтің Бішкек қаласының мэрі болып тағайындалуы қоғамда дау тудырды. Ол тағайындалғаннан кейін әлеуметтік желілерде Премьер-министрдің шешімін сынға алушылар көбейді. Нұрғазиев алаяқтық жасағаны үшін, сонымен қатар 2019 жылы әйелін ұрғаны үшін айыпталған. Әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын тудырған осы жайттар еді. Нәтижесінде, бір тәуліктен соң ол қызметінен кетіп, оның орнына Бақтыбек Құдайбергенов келді.

Президент Садыр Жапаров өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында аталған әрекеттерді жасаған адамды жауапты лауазымға тағайындау мүмкін емес деп жазды.