Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентке барды

Автор: Azattyq Rýhy

Ташкентте Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысады

Фото: akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыртуымен Ташкентке келді. Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter -дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Ташкентте Елбасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне қатысады. Әуежайда Н.Назарбаевты Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды», деп жазды баспасөз хатшысы.