29.11.2019, 15:28
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мәртебеге ие болды
Елбасы Өзбекстанда жүр
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді.
«Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter -дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, кеше Елбасы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына сапармен барған болатын. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесу алаңында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды