Басшыларды қоластындағылардың жемқорлығы үшін жауапқа тартатын заңға Президент қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Министрлер мен әкімдер орынбасарлары үшін жауапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген аталған хабарламада.

Енгізілген өзгерістер мемлекеттік қызметкердің жемқорлық жасағаны үшін басшысын да жауапқа тартуды көздейді. Яғни, мемлекеттік орган басшылары, әкімдер мен министрлер енді орынбасарларын жемқорлықтан тыя алмаса заң аясында жазаға тартылмақ.