28.11.2019, 10:02
Саясат
Қызылордада әділет майоры 3,5 жылға сотталды
Ол өзіне бағынышты қызметкерден 132 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген
Фото: ашық дереккөзден
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған «Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» РММ басшысының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К.Тұрсынбаевқа қатысты тергеу жүргізген болатын.
«2019 жылдың 26 қарашасында №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен аталған лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған арнаулы атағынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 11:43
Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды