Жемқорларды ату жазасына жіберу керек – экс-депутат Омархан Өксікбаев
Ол еліміздегі жемқорлық деңгейіне алаңдайтынын жеткізді

Бұл туралы мемлекет қайраткері, Парламент Мәжілісінің 5-ші және 6-шы шақырылымдарының депутаты Омархан Өксікбаев YouTube видеопорталындағы «Qasqa jol» арнасына берген сұхбатында айтты.
«Жемқорлық ешқашан да кешірілмеуі керек. Мен бұл заңды қатаңдатуды жақтаймын. Біз елімізде жемқорлықтың алдын алмасақ, мемлекет болуымыз неғайбыл. Көріп отырмыз ғой, Талғар ауданының келгеніне 3-4 ай болмаған әкімі ұсталып жатыр. Сонда қызметке сол үшін келді ме? Келе салып жеуге кірісу – не деген бассыздық?! Оларға жазаны барынша қатаңдатпаса болмайтын сияқты. Менің айтарым: жемқорларды ату жазасына да жіберу керек», - деді Омархан Өксікбаев.
Сұхбат барысында Омархан Өксікбаев жағымпаздық пен Қазақстан медицинасындағы былықтар туралы айтқан. Иманғали Тасмағамбетов жайлы пікір білдірген. Сонымен қатар, халықтан кешірім сұрамайтын шенеуніктерді де сынаған.