Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беріледі

Несие сомасы шектеулі

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беріледі
көрнекі сурет

Төтенше жағдайдан зардап шеккен ауылшаруашылық тауар өндірушілері жеңілдетілген несие алу арқылы мемлекеттік қолдауды пайдалана алады. Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қолжетімді қаржыландыруды аймақтық филиалдарында немесе АНК-ның орталық кеңсесінде алуға болады. Ол үшін өтініш толтырып, қажетті құжаттар пакетін жинау қажет.

Несие сомасы шектеулі: жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары үшін 50 миллион теңгеден аспайды; шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары үшін 3 миллиард теңгеге дейін.

Қарыз алушы Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлағанын көрсететін бірнеше критеридің кем дегенде біреуіне сәйкес келуі керек және ол жойылғаннан кейін 2 ай ішінде:

  • сатылатын тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің төмендеуі;
  • сатып алушылардан төлемнің кешіктірілуі;
  • жұмысшылар санының қысқаруы.

ШОБ субъектісінің қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттар ретінде (бір немесе бірнеше құжаттарды ұсынуға болады):

  • сату жазбаларын қоса алғанда, есеп беру;
  • дебиторлық берешек туралы есеп;
  • қызметкерлерге ақысыз демалыс алуға өтініштер;
  • төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қарыз алушының қызметін тоқтата тұру туралы ресми растау немесе басқа құжаттар.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.