$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 11:05
Саясат

Тоқаев Украинамен экстрадиция туралы келісімге қол қойды

Заң мәтіні баспасөзде жарияланды
 

Тоқаев Украинамен экстрадиция туралы келісімге қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы Экстрадиция туралы келісімді бекіту туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Бұдан бұрын, мәжіліс депутаттары қылмыс жасады деген күдікпен іздеу салынған екі ел азаматтарын бір біріне беру туралы Қазақстан мен Украина арасындағы өзара келісімді ратификациялаған.

Парламенттің төменгі палатасының отырысында бас прокурордың орынбасары Мұрат Ахметжанов  қазіргі уақытта Украинада 6 қазақстандық қылмыскер бар екенін айтты. Бұған дейін алтауы экстрадицияланып, елде жазасын өтеп жатыр. Минск конвенциясында экстрадицияның нақты мерзімі көрсетілмеген.

 «Жаңа келісімшартқа сәйкес эктрадиция мерзімін бір жылдан асырмау керектігін қарастырып жатырмыз», - деді М. Ахметжанов.

Заңды талқылау барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин баяндамашыдан Украинда отырып әлеуметтік желі арқылы Қазақстан туралы әртүрлі ақпарат таратып отырған ерлі-зайыптылар туралы сұрады.

«Ерлі-зайыпты бір жұптың қашып кеткенін білеміз. Енді YouTube-те ауыздарына келгенін айтып жүр. Соттадық, енді жауапкершілігін елде өтеулері керек. Неліктен біз әлі күнге дейін азаматтардың елге қайтарылуын ұйымдастыра алмай отырмыз? Бір жылдан асып кетті»,- деді ол.

Серіктес жаңалықтары