Павлодарлық тұрғын немересін қызынан қайтарып алу үшін полицияға арызданған

Автор: Azattyq Rýhy

2015 жылғы қыз кішкентайынан ата-әжесінің қолында өскен

 
Фото: ашық дереккөзден

2015 жылғы қыз кішкентай кезінен бастап ата-әжесінің қолында өскен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінде мәлім етті.

«Полицияға 60 жастағы павлодарлық тұрғын туған қызына қатысты шара қолдану туралы арызданды. Анықталғандай, ер адам баланың анасы, яғни өз қызы алып кеткен немересін оған қайтаруды сұрайды. 2015 жылғы қыз кішкентай кезінен бастап ата-әжесінің қолында өскен. Ал анасы әрқашан қызымен араласып тұрған», - деді департаментте.

Қазіргі уақытта пәтерлі болған және жаман әдеттерінен арылған әйел қызын өз қолына алуға шешім қабылдапты.

Полиция қызметкері шағымданушыға оның талаптары заңды емес екенін түсіндірді. Себебі баланың анасы қызын алуға құқылы. Олар немересінің тұрғылықты жерін отбасылық кеңесте дау-дамайсыз шешуі керек.