$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2021, 22:09
Саясат

Барлық сайлаушылар үшін тең жағдай жасалды – Юрий Булуктаев

10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті

Барлық сайлаушылар үшін тең жағдай жасалды – Юрий Булуктаев

2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті. Жалпы, бақылаушылардың пікірінше, сайлау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтті деп толық сеніммен айтуға болады. Барлық сайлаушылар үшін тең жағдай жасалды. Әлемдік пандемия факторын, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың төмендегенін, саяси кеңістіктегі «таңдаусыз сайлау» сияқты жалаң ұрандар мен бірлі-жарымды бойкотқа шақыру деректері болғанын ескергеннің өзінде, сайлаушылардың қатысуы қанағаттанарлық деңгейде болды деген қорытынды жасауға болады. Бұл туралы ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, саясаттану ғылымдарының докторы, доцент Юрий Булуктаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біреулер «Сайлау бітті, бәрін ұмытыңдар!» деуі мүмкін. Алайда, 15 қаңтарда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасай отырып, сөз сөйлемек, онда ол еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттары мен реформа жасау жоспарлары сөз болатыны анық. Демек, қандай да бір саяси өзгерістер болуы мүмкін екенін жоққа шығара алмаймыз. Осылайша, сайлау процесі барысындағы адал сайлау қағидаттары сақталды деп тани отырып, Мемлекет басшысы демократияның шынайы бәсекелестікте туындайтынын, және өркениетті диалог – саяси жүйені реформалаудың жолы екенін аңғартады», деп атап өтті Юрий Булуктаев Facebook-парақшасында.

ОСК мәліметіне сәйкес, 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың дауысы партиялық тізім бойынша төмендегідей болып бөлінді: Nur Otan партиясы — 71,09%, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 10,95%, «Қазақстанның Халық партиясы» (бұрынғы коммунистер) — 9,1%, «Ауыл» халық-демократиялық патриоттық партиясы — 5,29%, «Адал» саяси партиясы — 3,57%». Exit poll мәліметі бойынша да жеңіске Nur Otan партиясы жетті, екінші орынға «Ақ Жол» демократиялық партиясы жайғасты, үшінші орында Қазақстанның халық партиясы болды. Қорытынды нәтижелер барлық бюллетеньдерді санағаннан кейін жария етілді.

«Яғни, үш парламенттік партия жалпы алғанда, өткен электоралдық науқан барысында қол жеткізген нәтижелерін нақтылай алды. Депутаттық мандаттарды бөлінісі мынадай болды: Nur Otan - 76 мандат, «Ақ Жол» – 12 мандат, «Қазақстанның Халық партиясы (ҚХП) – 10 мандат. Осыған қарап, үштағанды партиялық жүйенің өзгеріссіз қалғанын көруге болады.

Осылайша, Nur Otan партиясы жеңіске жетіп, еліміздің саяси жүйесінде басымдыққа ие екенін дәлелдей алды. Сайлаудың бұлай аяқталуы ешкімге де күтпеген нәтиже болмағаны белгілі. Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша партияны қайта жасақтау партияішілік саяси бәсекелестікті арттырды. Ал праймериз алдағы сайлаулардың басты дайындығына айналды. Nur Otan өз бағдарламасында қол жеткізуге тиісті 255 нақты қадамды және 160 мақсатты көрсеткішті айқындады. 216 аймақтық бағдарлама әзірленіп, оның әрқайсында жергілікті мәселелерді шешудің ерекшеліктері ескерілді. Партияның өткен сайлаудан  11%-ға аз дауыс алып қалғанын партиялық алаңда бәсекелестіктің артуымен түсіндіруге болады», - деді саясаттанушы.   

«Ақ Жол» партиясы екінші, Халық партиясы үшінші орынды иеленді.

«Дауыс берушілердің сеніміне кіруде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ерекше көрсеткішке қол жеткізді. Бұл партия 2016 жылы небәрі екі-ақ пайыз дауыс жинай алса, бұл жолы сайлаушылардың 5,29%(!) дауысына ие болды. Өткен сайлауда «Бірлік» партиясы 0,29 пайыз дауыс иеленсе, осы сайлауда «Адал» деген атпен шығып, 3,57%(!) дауыс жинады. Бұл екі партияның да болашақта еліміздің саяси істеріне белсенді қатыса алатынын көрсетсе керек. Оның үстіне, мәслихаттардағы депутаттық мандаттар бөлінісі әлі жарияланған жоқ. Егер шекті ценз жоғары болмағанда (Парламентке өту үшін сайлаушылардың 7% дауысын жинау керек), екі партия да парламенттік партияға айналуы мүмкін еді», - дейді Юрий Булуктаев.  

12 қаңтарда Nur Otan партиясының саяси кеңес бюросының шешімімен құрамында 76 үміткердің аты-жөні жазылған тізім бекітіліп, Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркелуі үшін Орталық сайлау комиссиясына жіберілді. Мәжілістегі партия фракциясының құрамы 70 пайызға жаңарды. Орташа жас 49-ға дейін, яғни төрт жасқа төмендеді.

Nur Otan-ның жаңа құрамының 40 пайызы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.  Nur Otan-ның Мәжілістегі депутаттық корпусына негізінен, білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдар. БАҚ саласының, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа салалар өкілдері кірді. Депутаттыққа үміткер болған жеті адамның ғана бұрынғы мелекеттік қызметкер екенін атап өткен жөн, ол фракция құрамының 10 пайызынан да аз көрсеткіш.   

«Қазақстандық қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси даму перспективаларына қатысты билікпен ашық әрі дәйекті диалог құруға деген сұраныс бар. пандемия жағдайында, ресурстар азайған кезде, энергия тасымалдаушының тұрақсыз баға жағдаятында, экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туындаған шақта билік элитасына жаңа саясаткерлердің келуі дамуға бағытталған жаңа тәртіпті қалыптастыруға көмектесе ме? Оны уақыт көрсетеді», - деп түйіндеді сөзін саясаттанушы.

 
Серіктес жаңалықтары