Садыр Жапаровтың жеңісіне орай жақтастары Бішкекте концерт қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше Қырғызстанда президент сайлауы өтті

Фото: ашық дереккөзден

Қырғызстан президенті сайлауында жеңіске жеткен Садыр Жапаровтың бірнеше мың жақтаcы Бішкек орталығында оның жеңісіне орай мерекелік концертке жиналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жапаровтың қолдаушылары Ала-Тоо орталық алаңында жиналды, соған байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бішкектің орталық алаңында концерт басталды, жергілікті орындаушылар өнер көрсетуде. Жиналғандар Жапаровтың өзін күтіп тұр. 

Жиналған жұртқа палау мен шай беріліп жатыр. 

Жексенбіде Қырғызстанда президент сайлауы және республикадағы басқару формасын анықтау бойынша референдум өтті. Президент сайлауында 79,2% дауыспен Садыр Жапаров көш бастап тұр. Сондай-ақ, алдын ала мәліметтерге сәйкес, бюллетеньдердің 97% өңделгеннен кейін автоматты санау жәшіктері Қырғызстан тұрғындарының 80%-дан астамы президенттік басқару формасын таңдағанын анықтады.