ОСК сайлаудың соңғы нәтижелері 24 қаңтарға дейін шығады деді
Қырғызстанда мерзімінен бұрын өтіп жатқан президент сайлауы мен референдум аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Автоматты түрде есептейтін урналардан деректерді өңдегеннен кейін саяси додада Садыр Жапаровтың көш бастап тұрғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 79,3 пайыз дауысты жинады.
Үміткерлердің бірі 50 пайыздан астам дауыс жинағандықтан, сайлаудың екінші туры болмайды деп хабарланды.
ОСК президенттік сайлау науқанының соңғы нәтижелері 24 қаңтарға дейін шығатынын айтты.