$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.11.2019, 10:40
Саясат

Миллиардер Блумберг алдағы президент сайлауына кандидатурасын ұсынды

Кеше Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумбергке қатысты 2 минуттық видеоролик жарияланып, 77 жастағы миллиардер 2020 жылы өтетін АҚШ-тағы президент сайлауында өзіне дауыс беруге шақырды

Видеода мыңдаған адамдарға жұмыс берген Блумбергтің кәсіпкер ретіндегі, 2002-2013 жылдары Нью-Йорк қаласының мэрі болған тұстағы жетістіктері туралы айтылған. Сондай-ақ Блумбергтің алдағы президент сайлауына қатысуының басты себебі қазіргі АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсылықтан туып отыр делінген.

Ролик «Майкл Блумберг президент болсын!» деген ұранмен аяқталады және соңында 77 жастағы миллиардердің өзі «Мен Майкл Блумбергпін, мен бұл үндеуді құптаймын» деген пікірі айтылған.

М.Блумберг АҚШ-тың демократиялық партиясы атынан алдын ала президент сайлауына бірнеше штаттан түсу үшін құжат өткізген, алайда бұл туралы әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

АҚШ-тағы президент сайлауы 2020 жылдың 3 қарашасында өтеді.

Серіктес жаңалықтары