$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2020, 17:17
Саясат

Тоқаев Сенат төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына биылғы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді

Тоқаев Сенат төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz

Сенат спикері Президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған мәселелерді іске асыруды қамтасыз етуге бағытталған заңдардың қабылданғанына тоқталды. Атап айтқанда, жаңа «Экологиялық кодекс», «Техникалық реттеу туралы туралы» заң, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған. Мәулен Әшімбаев аталған құжаттардың барлығы еліміздің әлеумет-экономикалық дамуын, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырту және экономикалық даму бағдарламаларының жалғасатынын, басқа салалар бойынша да ауқымды жұмыстардың атқарылатынын айтып, Сенатқа аталған бағыттарды заңмен қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары