ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Елбасының әдебиет және өнер саласына арналған стипендиясын кімдер алады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2020 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын», - делінген құжатта.

Стипендия иегерлерінің арасында Марфуға Айтқожина, Әкім Тарази, Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Роллан Сейсенбаев, Олжас Сүлейменов сынды бірқатар әдебиет қайраткерлері, сондай-ақ Болат Аюханов, Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Аян Өтепберген, Юрий Померанцев, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев және т.б. өнер қайраткерлері бар.

Қосымшаның толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.