$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2020, 11:56
Саясат

Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары болды

Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болды. Бұл туралы ұйым төрағасы және Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді.

«Хельга Шмид бас хатшы, Маттео Мекаччи Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро директоры, Тереза Рибейро БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі болды. Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды», - деді Рама.

Қайрат Әбдірахманов 2016-2018 жылдары Сыртқы істер министрі болды. Әр жылдары Израиль, Австрия, Словения елдерінде елші болды. 2008-2011 жылдар аралығында ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған еді.

ЕҚЫҰ – әлемдегі ең ірі аймақтық қауіпсіздік ұйымы. Оған Солтүстік Америка, Еуропа мен Орта Азияда орналасқан 57 ел кіреді.

Серіктес жаңалықтары