03.11.2020, 16:04
Саясат
Венадағы жантүршігерлік терактіні еш ақтап алуға болмайды – Тоқаев
Австрияда үш күн аза тұту жарияланды
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде Венада болған терактіге қатысты пікір білдіріп, Австрия үкіметі мен халқының қайғысына ортақтас екенін жеткізді.
«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», деп жазды Мемлекет басшысы.
2 қараша күні кешке Австрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам жарақат алған. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпарат берді.
Көп оқылған
09.06.2026, 14:12
Семейде қару асынған мас ер адам экс-әйелінің туыстарына барып, аулада жүрген итін атып өлтірді (ВИДЕО)
09.06.2026, 10:47
«Мені құшағыңа ал» демеймін»: он жыл бұрын анасынан айырылған ақтөбелік бойжеткен әкесіне іздеу салды (ВИДЕО)
09.06.2026, 12:35
«Өрт сөндірушілер 250 мың теңге жалақы алады»: Экология вице-министрі орман қызметкерлерінің айлығы 2 есеге өскенін айтты
09.06.2026, 09:11
Қазақстанда әскерге барған 660-тан астам сарбазға ЖОО-ның гранты берілді
09.06.2026, 06:21
Астанада көлік жарылысынан зардап шеккендердің бірі көз жұмды